Биыл Түркістанда халықаралық талапқа сай ипподром пайдалануға беріледі

138

Түркістанда әлеуметтік, туристік, мәдени және спорт нысандары көбейіп келеді. 

Биыл Түркістанда халықаралық талапқа сай ипподром пайдалануға беріледі Фото: Түркістан облысының әкімдігі

Солардың арасында халықаралық талапқа сай ипподромның құрылысы да қарқынды. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров нысанға кезекті рет барып, құрылыс барысын қадағалады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жауапты басқарма басшысы мен мердігерге бірқатар сын-ескертпе айтты.

– Құрылыс жұмысы негізгі сәулеттік жобадан ауытқымауы керек. Жұмысты жүйелеңіздер. Сапалы материалдарды ғана қолдануды тапсырамын. Айтылған кемшіліктер назарға алынып, құрылыс уақытылы әрі сапалы аяқталуы тиіс, – деді Нұралхан Көшеров.

Ипподромның құрылысын "ВД Строй-инжинеринг" ЖШС жүргізіп жатыр. Бүгінде нысан басында 200-ге жуық жұмысшы, 53 техника жұмысқа тартылған. Электр, су, жылу, кәріз жүйелері жүргізілуде. 1500 жанкүйер сиятын трибуна, 4 қысқы қора, 2 жаздық қора мен манеждің құрылыс жұмыстары аяқталған. Қазір құрал-жабдықтары орнатылуда.

Ипподромда жылқыларды күтіп-ұстайтын орындар, ветеринарлық бекет, жем мен шөп қоймасы, бәйге алаңы мен көкпар ойнайтын алаң бар. Жалпы ат спортын дамытуға барлық жағдай жасалады. Нысан жыл соңына дейін тапсырылады деп жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу