Биыл тұрмыстық қажеттіліктерге арналған көмір көбірек өндіріледі

783

Көмір сататын ірі нүктелер - "ЖалындыОтан" ЖШС, "Армандар Орындалады" ЖШС – көмір сатуға дайын.

Биыл тұрмыстық қажеттіліктерге арналған көмір көбірек өндіріледі

Қарағандыда ірі нүктелер көмір сатуға дайын. Бұл туралы облыс әкімінің орынбсарасы Алмас Айдаров мәлімдеді, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

"Биылғы жылы тұрмыстық қажеттіліктерге арналған көмір көбірек өндіріледі деп күтілуде. Бүгінгі таңда кәсіпорындарда көмір өндіру жоспарға сай жүзеге асырылып жатыр. Энергетика және тұрмыстық-коммуналдық басқармамен бірлесе отырып, жалпы сыйымдылығы 190,5 мың тоннаны құрайтын 34 негізгі тұйықтар мен қоймалар жүктелімінің мониторингі өткізілуде. Бұл көлем жылыту маусымында халықты көмірмен қамтуға жеткілікті", - деді Алмас Айдаров.

Көмір сататын ірі нүктелер - "ЖалындыОтан" ЖШС, "Армандар Орындалады" ЖШС – көмір сатуға дайын. Орташа есептегенде, Қарағандыдағы қоймалар әр түрлі өндірісшілерден 90%-ға дейін толтырылған. Сату нүктелері жүктеу техникасымен қамтамасыз етілген.

Қала және аудан әкімдеріне көмір сату нүктелерін 50%-дан кем болмайтындай етіп толтыру тапсырылды.

"Жұмыс істеп тұрған 34 нүктенің тек 11-і ғана 50%-дан астам толтырылған. Сәтпаев, Қаражал, Бұқар Жырау және Жаңаарқа аудандарында орналасқан бекеттерде көмір сатып алу 1-ші қырқүйектен басталады. Шет, Абай, Қарқаралы аудандары мен Приозерск, Теміртау, Балқаш қалаларында әзірге тұйықтарды көмірмен толтыру 50%-дан аз болып тұр. Осы аудандар мен қалалардың әкімдеріне 15-ші тамызға дейін тұйықтарды көмірмен толтыруды сұраймыз", - деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу