Биыл тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған 4 500-ге жуық өзбекстандық жауапқа тартылды

233

Үстіміздегі жылдың алғашқы тоқсанында Өзбекстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған 4 477 адам әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Биыл тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған 4 500-ге жуық өзбекстандық жауапқа тартылды Фото: egemen.kz

Өзбекстан Жоғары сотының баспасөз хатшысы Азиз Абидов мәлім еткендей, Әкімшілік жауапкершілік туралы кодекстің тұрмыстық зорлық-зомбылық бабы бойынша 4 343 адам жауапқа тартылды. Олардың ішінде 2 344-не айыппұл салынса, 1 999-ы әкімшілік қамауға алынған.

Ал Қылмыстық кодекстің 126-1-бабы бойынша (Қайталап жасалған немесе ауырлататын мән-жайы бар тұрмыстық зорлық-зомбылық) 134 адам сотталды. Оның 51-і бас бостандығынан айырылды, ал 83 адамға өзге де жаза тағайындалған.

Айта кетейік, жоғарыда аталған баптар Өзбекстан заңнамасына 2023 жылдың сәуірінде енгізілді. Өткен жылы олар бойынша 9 131 адам жауапқа тартылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу