Ұлттық тестілеу орталығы бакалавриатта білім алу үші үміткер жинауы тиіс шекті балл мөлшерін жария етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Орталықтың мәліметінше, биыл тек "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар" және "Ветеринария" білім беру саласы бойынша шекті балл өзгеріп, кемінде 50 балды құрады.
Қалған білім беру салалары бойынша шекті балл деңгейінде өзгеріс жоқ. Атап айтқанда:
- "Педагогикалық ғылымдар" және "Құқық" – кемінде 75 балл,
- "Денсаулық сақтау" білім беру саласына – кемінде 70 балл.
- Ұлттық жоғары оқу орындарына – кемінде 65 балл, ал басқа ЖОО – кемінде 50 балл.
- "Қазақстан тарихы" және екі бейіндік пән бойынша шекті балл – 5 балл, "Оқу сауаттылығы" және "Математикалық сауаттылық" бойынша шекті балл – 3 балл.
Қысқартылған ҰБТ тапсыратын колледж түлектері үшін шекті балл – 25 балл, "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша – 35 балл. Оның ішінде әр пәннен 5 балдан кем болмауы тиіс.
Ұлттық тестілеу орталығы бұл ретте әр жоғары оқу орны білім беру бағдарламары тобы бойынша өз шекті балын белгілейтінін ескертеді.