Биыл үйірлі шегірткелермен күреске 8,1 млрд теңге бөлінді

201

Қазір шегірткелермен күресу үшін пестицидтер қоры уақтылы сатып алынды. 

Биыл үйірлі шегірткелермен күреске 8,1 млрд теңге бөлінді Фото: ms.pngtree.com

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

"2023 жылғы маусымда шегірткелердің таралу аумағының үлкен болуына байланысты, биыл 2,5 млн га алаңда химиялық өңдеулер жүргізу жоспарланып отыр. Ең көбі Ақтөбе облысында – 784 мың гектар, Қостанай облысында – 775 мың гектар, Түркістан облысында – 272 мың гектар алаңда таралады деп күтілуде", - деді ведомство басшысы.

Оның дерегінше, өңдеуді жүргізуге арналған барлық қажетті ресурстар бар.

"Биыл үйірлі шегірткелермен күресуге республикалық бюджеттен 8,1 млрд теңге бөлінді. Қазіргі уақытта шегірткелермен күресу үшін пестицидтер қоры уақтылы сатып алынды. Өңдеу жұмыстарын жүргізу үшін қажетті  техникалар жеткілікті. Сонымен қатар шекара маңындағы аумақтардағы шегірткелер бойынша жағдай үнемі қадағаланып отырады. Өткен жылғы жағдайды болдырмау мақсатында әкімдіктер шегірткелерге қарсы күрес мәселелеріне өте мұқият және жауапкершілікпен қарау керек", - деді Ауыл шаруашылығы министрі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу