Биыл Үкімет Парламент қарауына 32 заң жобасын енгізді

1042

Оның ішінде 3 заң жобасына Мемлекет басшысы қол қойды, ал 29-ы Парламенттің қарауында.

Биыл Үкімет Парламент қарауына 32 заң жобасын енгізді

Әділет министрі Марат Бекетаев Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2019 жылға арналған жоспарының орындалу барысы туралы Үкімет отырысында баяндама жасады, деп хабарлайды primeminister.kz.

Марат Бекетаев атап өткендей, Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2019 жылға арналған жоспары бекітілген кезде 27 заң жобасын әзірлеу және Парламентке енгізу көзделген болатын. Алайда, әзірлеуші органдардың ұсыныстары негізінде Жоспарға жыл ішінде енгізілген түзетулерді ескере отырып, қазіргі уақытта 32 заң жобасын әзірлеу көзделеді. Олардың барлығы Парламент қарауына енгізілді.

"Оның ішінде 3 заң жобасына Мемлекет басшысы қол қойды, 29 заң жобасы Парламенттің қарауында", – деді министр. 

Жыл ішінде Жоспарға 10 рет түзетулер енгізілген. Аталған түзетулермен 4 заң жобасы енгізілді, 12 заң жобасы бойынша мерзімдер ауыстырылды,  1 заң жобасы екіге бөлінді. 

М. Бекетаевтың айтуынша, заң жобасының тұжырамдамасын әзірлеу сатысында құқық қолдану тәжірибесіне сапасыз талдауды жүргізу, сондай-ақ әзірлеуші мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының тарапынан қажетті бақылаудың болмауы жоспарда белгіленген мерзімдердің бұзулуының негізгі себептері болып табылады.

Сонымен қатар, әзірлеуші мемлекеттік органдар заң жобаларының ережелерін мақсатты топтармен талқылау бойынша тиісті жұмысты жүргізбеген. Бұл факторлар 2019 жылға жоспарланған заң жобалардың мерзімдерінің жартысын ауыстыруға алып келді.

"Нәтижесінде, ІІ  жартыжылдықта Парламентке 13 заң жобасы емес, 25 заң жобасы енгізілді, яғни бастапқыда жоспарланған санынан екі есе көп. Бұл әрине, Парламент депутаттары мен Президент Әкімшілігі тарапынан негізді сынға әкелді", – деді Марат Бекетаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу