Биыл Үлкен Алматы көліне апаратын жүргінші соқпағы салынады

125

Құрылыс жұмыстарын желтоқсан айында аяқтау көзделген.    

Биыл Үлкен Алматы көліне апаратын жүргінші соқпағы салынады Фото: kolsaitrip.kz

Алматыда Үлкен Алматы көліне дейін ұзындығы 5,3 шақырым болатын ұйымдастырылған жүргінші соқпағын салу жоспарланып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы қалалық мәслихат сессиясында Алматы қаласы экономика және қаржы басқармасының басшысы Бауыржан Құдайбергенов мәлімдеді.

Сонымен қатар тамыз айында Наталия Сац атындағы Балалар мен жасөспірімдер театры ғимаратын жаңғырту және оған қосымша құрылыс салу жұмыстары аяқталады. Аталған жобалар қаланың туристік тартымдылығын арттыруға және мәдени инфрақұрылымын дамытуға бағытталғанын басқарма басшысы атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу