Биыл Ұлттық қордан алынатын қаражат көлемі 4 млрд теңгеге ұлғайтылды

698

Биыл Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт алу мөлшері 4 030 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Биыл Ұлттық қордан алынатын қаражат көлемі 4 млрд теңгеге ұлғайтылды

"Республикалық бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттің мөлшері 2022 жылы 4 030 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды. Мәжілістің барлық комитеттері оң қорытындыларын берді", – деп хабарлады мәжілістің баспасөз қызметінен. 

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2022-2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" заңына өзгеріс енгізу көзделіп отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу