Биыл Ұлттық қордан банктерді қолдауға 1 трлн теңге бөлінеді

611

Биыл Ұлттық қордан банктерді қолдауға 1 трлн теңге бөлінеді

Биыл Ұлттық қордан еліміздегі банк жүйесін қолдауға қосымша 1 триллион теңге бөлінбек. Үкімет мұндай қадамға қаржы саласында қордаланған мәселелерді шешу үшін барып отыр, деп хабарлайды 24.kz.

Нақтырақ айтқанда, екінші деңгейлі банктердің несие қарызын өтеуге көмектесіп, экономикалық даму қарқынын тежемеу. Бұл қадам қиын-қыстау кезеңді еңсеріп келе жатқан қаржы саласының қарқынына қалай әсер етеді?

Осы мәселе Алматыда өткен қаржыгерлер саммитінде жан-жақты талқыланды. Семинарға қатысқан Ұлттық экономика министрі экономиканың барлық саласында жаңғырту кезеңі өтіп жатқанына тоқталды. Әсіресе көрші елдермен еркін сауда-саттық қатынасының маңыздылығын айтты.

Өзбекстан, Пәкістан, Үндістан және Иран елдерімен тауар алмасуды арттырып, бірлескен инвестициялық жобаларды көбейту керектігін айтты.

"Еліміздегі жалпы ішкі өнімнің 15 пайызы сауда-саттықтың үлесінде. Бұл көрсеткіш қазір біртіндеп қарқын алып келеді. Жалпы еліміз жыл сайын сыртқы нарыққа 25 млрд теңгенің тауарын экспорттаса, оның 8 млрд-ы – кәсіби қызмет көрсету. Сондықтан біз бұл салаға ерекше назар аударамыз", – дейді ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов.

Басқосуда сақтандыру саласының болашағы да сөз болды. Елімізде бұл сала әлі кенжелеп тұр. Сұраныс аз болғандықтан, жеке инвесторлар да белсенділік танытпайды. Дегенмен келесі жылы оң өзгеріс болады, дейді мамандар.

"Ұлттық банк сақтандыру саласына бірқатар өзгерту енгізуді жоспарлап отыр. Ол заңнамалық өзгерістер төрт кодекс пен сақтандыру туралы 26 заң баптарына өзгертулер ензіледі. Сөйтіп, сақтандырудың барлығы электронды түрде жасалады", – дейді сақтандыру компаниясының өкілі Руслан Погорелов.

Екінші деңгейлі банктерге үкімет қомақты қаржыны 2009 жылы бөлген. Сол жағдай биыл да қайталанып отыр.

"Көмек алып, бірақ сенім үдесінен шыға алмаған бірқатар банк сол қателігін қайталамауы тиіс", – дейді сарапшылар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу