Биыл Ұлттық қордан қанша бала төлем алады?

411

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов биыл Ұлттық қордан балаларға 700 миллион доллар бөлінетінін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Биыл Ұлттық қордан қанша бала төлем алады? Фото: freepik

Банкте өткен баспасөз мәслихатында журналистер Тимур Сүлейменовтен 2024 жылы Ұлттық қордан қанша бала төлем алатынын сұрады. 

Сүлейменовтың айтуынша, "Балаларға арналған ұлттық қор" жобасына 7 миллионға жуық бала қатысады. Бағдарламаның операторы – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қазіргі уақытта тізімдерді сәйкестендіріп жатыр. 

"Біз бұл келісімді жүргізіп жатырмыз. Оның үстіне үкімет деңгейінде бір заңға тәуелді актілер бар, оны қаңтардың аяғына дейін қабылдайды. Сонымен біздің барлық жүйелеріміз дайын. Шамамен 7 миллион балаға шот ашылды, келісімнен кейін біз оларды толығымен ашамыз. 2024 жылы балаларға 700 миллион доллар бөлінеді", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу