Биыл Ұлттық қорға 942 млрд теңге түсті

963

Жыл соңына дейін өсім 3 млрд долларға жетеді деген болжам бар.

Биыл Ұлттық қорға 942 млрд теңге түсті Фото: inbusiness.kz

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев осындай ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Биыл бірінші жартыжылдықта Ұлттық қордың активтері бюджетке 2,1 трлн теңге сомасында трансферттер бөлу есебінен 57,5 млрд АҚШ долларына дейін төмендеді. Осы уақыттағы түсім 942 млрд теңге болды", – деді Ерболат Досаев.

Ұлттық банк төрағасының  айтуынша, алғашқы 6 айдағы нарықтардың құбылмалығына қарамастан, Ұлттық қордың кірістілігі 2,5%-ға жеткен. 
"Жыл соңына дейін өсім 3 млрд долларға жетеді деген болжам бар. Алтын-валюта резервтері биылғы жылғы бірінші жартыжылдықта 35,1 млрд АҚШ долларына дейін 580 млн АҚШ долларына төмендеді. Алтын портфелі алтын бағасының 7%-тен астам төмендеуі аясында, сондай-ақ опциондық стратегияларды орындау шеңберінде алтынды сатуға байланысты 1,8 млрд АҚШ долларына қысқарды. Нәтижесінде жалпы халықаралық резервтер алтын бағасының құбылмалылығына және республикалық бюджетке трансферттерді бөлуіне байланысты 92,6 млрд АҚШ долларын құрады", – деді Ұлттық банк төрағасы.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу