Биыл Ұлттық қорға қосымша 1-2 трлн теңге кіріс түсуі мүмкін

1355

Ресей мен Украина арасындағы жағдайдың күрт ушығуына байланысты әлемде мұнай қымбаттаған болатын.

Биыл Ұлттық қорға қосымша 1-2 трлн теңге кіріс түсуі мүмкін

Биыл мұнайдың бағасы жоғары болса, Ұлттық қорға 1-2 трлн теңге көлемінде қосымша түсім түсуі мүмкін. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Қазір мұнайдың 1 баррелі 95-96 долларға көтерілді. Бізде болжам бар. Мысалы, мұнайдың 1 баррелі 89 доллардан артса, Ұлттық қорға 1 трлн теңгеден 2 трлн теңгеге дейін қосымша кіріс түсуі мүмкін. Әскери қақтығысты ескерсек (Ресей мен Украина арасындағы - автор), біз 2022 жылы ол 70 доллардан төмен түседі деп ойламаймыз. Менің ойымша, бір жылда орташа есеппен ол 80-85 доллар аралығында болады" - деді министр журналистермен кездесу барысында.

Сондай-ақ Әлібек Қуантыров Ресей-Украина шиелінісінің Қазақстан экономикасына салдары туралы айту әлі ерте екенін атап өтті.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу