Биыл Ұлытау облысында 700 млн теңгеге 100 жоба қаржыландырылды

162

Қазіргі таңда облыс әлеуметтік азық-түлік тауарларының 4 түрі бойынша өзін-өзі қамтамасыз етіп отыр.

Биыл Ұлытау облысында 700 млн теңгеге 100 жоба қаржыландырылды Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

Ұлытау облысы құрылғалы бері ауыл шаруашылығы саласына 8,5 млрд теңге инвестиция тартылған. Ал биылдың өзінде құйылған инвестиция көлемі - 2,5 млрд. теңге, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жалпы осы жылы Ұлытау ауданында 400 гектар алқапта суармалы дақылдар мен көкөніс өсіру, Жезқазған қаласында 5 000 бастан асатын қой шаруашылығы фермасының құрылуы, Жезқазған қаласында 500 гектар аумақта суару жабдықтарын қолдана отырып, мал азығын егу жобасы, ⁠Жаңаарқа ауданында 367 гектар аумақта суару құрылғыларын қолдана отырып, мал азығын егу бойынша 2 жоба, Жаңаарқа ауданында 12 900 басқа арналған қой отбасылық фермасын салу, Жаңаарқа ауданында 7 800 басқа арналған ірі қара мал отбасылық фермасын құру жобалары бастау алды.

Қазіргі таңда, облыс әлеуметтік азық-түлік тауарларының 4 түрі бойынша, атап айтар болсақ, сиыр еті, бірінші сортты бидай ұны және бірінші сортты ұннан жасалған бидай нанымен өзін-өзі қамтамасыз етіп отыр. Сонымен қатар, инвестициялық жобалардың іске асырылу нәтижесінде тауық жұмыртқасымен қамтамасыз ету 0-ден 40%-ға жетіп отыр.  

Ал келесі жылы қосымша тауық еті және картоппен ішінара қамтамасыз ету жоспарлануда. 

2022 жылы облыс аумағында суармалы құрылғыларды қолданатын егістік алқаптар болмады, бүгінгі күні бұл көрсеткіш 1,7 мың гектарға жетті, 2026 жылы 2,5 мың гектарға дейін жеткізу жоспары тұр.

Айта кетейік, былтыр Жезқазған қаласында жұмыртқа бағытындағы құс фабрикасы және Жаңаарқа ауданында мал шаруашылығы кешені мен мал сою цехы іске қосылған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу