Биыл Ұлытау облысында заңсыз айналымнан 388 келіден астам есірткі тәркіленді

236

Бұл туралы Ұлытау облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Ербол Қайырбеков мәлімдеді.  

Биыл Ұлытау облысында заңсыз айналымнан 388 келіден астам есірткі тәркіленді Фото: polisia.kz

Жыл басынан бері есірткі бизнесіне қатысы бар үш топтың заңсыз қызметі тоқтатылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сонымен қатар интернет кеңістігіндегі есірткі саудасына қарсы жұмыстар күшейтілген. “Кибернадзор” жүйесі арқылы есірткі таратуға және насихаттауға қатысты 2631 интернет-ресурс бұғатталды.

Өңірде есірткі қылмыстарының алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстарға да ерекше көңіл бөлінуде.

Жыл басынан бері жастар арасында 908 іс-шара ұйымдастырылып, 45 мыңнан астам адам қамтылды. Кездесулер барысында жастарға есірткінің адам денсаулығына тигізетін зияны, заңсыз айналымға қатысудың құқықтық салдары және интернет арқылы есірткі таратуға тартылудың қаупі түсіндірілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу