Биыл ұн бағасы қаншаға қымбаттады?

383

Ең қымбат баға Атырау облысында тіркелді.

Биыл ұн бағасы қаншаға қымбаттады? Фото: inbusiness.kz

Биыл қаңтар-қыркүйекте дәнді және өсімдік дақылдарынан жасалған ұн; олардан майда тартылған ұн қоспаларын өндіру бір жылда 2,1% өсіп, 2,4 млн тоннаны құрады, деп хабарлайды  Inbusiness.kz energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Тиісті кезеңде өндіріс көлемінің ұлғаюы екінші жыл қатарынан байқалды.

2023 жылғы қаңтар-тамызда ішкі нарықтағы сату көлемі 5,6% төмендеп, 792,1 мың тоннаны құрады.

Биыл қыркүйектің соңында ұн бағасы бір жыл ішінде небәрі 1,5% өсті. Бұл ретте бір жыл бұрын 43,1% өсім байқалған. Айта кетейік, ұн 10 жыл қатарынан қымбаттап келеді.

ҚР-ның 20 өңірінің 11-де ұн қымбаттады. Баға Атырау облысында айтарлықтай өсті: бір жылда 15,6%. Одан кейін Алматы және Қызылорда облысы: тиісінше 9,9% және 9,2%. Бағаның ең аз өсуі Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында байқалды: тиісінше 1,3% және 1,7%.

Республиканың қалған 9 өңірінде ұн бағасы төмендеді: Жетісу облысында 1,8 пайыздан Алматы облысында 12,8 пайызға дейін арзандады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу