Былтыр ұшақ билеттері 6,2%-ға арзандады

917

Алайда такси қызметі қымбаттады. 

Былтыр ұшақ билеттері 6,2%-ға арзандады

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша 2020 жылдың желтоқсан айымен 2019 жылдың сәйкес кезеңін салыстырғанда таксимен жол жүру ақысы – 6,8%, теміржол көлігімен қатынау ақысы – 4,2% қымбаттады, ал әуе көлігі билетінің құны керісінше 6,2% арзандаған.

Сонымен қатар әлемдік нарықта мұнай бағасы құлдырағанымен бензин бағасы 2,5%-ға өскен. Ал дизель отыны керісінше 6,6% арзандады.

Бұған қоса құқықтық қызметтер, жеке көлік құралдарын сақтандыру – 10%-дан, кинотеатрлар қызметтері – 8,1%, шаштараздар мен сұлулық салондар қызметтері – 7,2%, қоғамдық тамақтандыру қызметтері – 6,9%, денсаулық сақтау қызметтері – 6,3%, моншаға бару – 5,7%, жерлеу қызметтерінің бағасы 5,6% өсті. 

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер қоқыс шығаруға – 20,5%, электр энергиясына – 6,5%, суық суға – 1%, ыстық суға 0,7% өссе, ал орталықтын жылытуға – 2%, кәрізге 1,4% төмендеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу