Биыл зейнетақы қорынан төлемдерді кімдер ала алады?

591

1 қаңтардан бастап белгіленген кесте бойынша міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін 61 жасқа толған әйелдер, 63 жасқа толған ер адамдар және мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген І немесе ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдар ала алады, деп жазады inbusiness.kz БЖЗҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Биыл зейнетақы қорынан төлемдерді кімдер ала алады? Фото: Вечерняя Астана

Ақпаратқа сәйкес мемлекеттік зейнетақыны қамтитын төлемдерді тағайындау үшін жасы бойынша зейнеткерлерге ХҚКО бөлімшелеріне жүгіну қажет. Ал, мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға БЖЗҚ бөлімшесіне немесе Қордың сайты арқылы өтінішпен жүгіну қажет.

"Қордан зейнетақы төлемдері өтініш берілген күннен бастап белгіленеді және зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін жүзеге асырылады. Бұл ретте зейнетақы төлемін алуға өтініш берген күн болып:

  •  зейнет жасына жеткендерге – Мемлекеттік корпорацияда өтініш тіркелген не БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдеріне құқық туындаған;
  •  егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші немесе екінші топ мүгедектігі бар адамдарға – БЖЗҚ-ға құжаттар қабылданған не түскен күн есептеледі", - делінген Қор таратқан баспасөз хабарламасында.

Шетелге тұрақты тұруға кететін адамдар да міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен БЖЗҚ-дан төлемдерді талап етуге құқылы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу