Бұл өткен жылғы сомадан 897,7 млрд теңгеге көп, деп жазады inbusiness.kz сайты.
2026 жылы қазақстандықтарға кепілді зейнетақысы мен жәрдемақыларын төлеу үшін үкімет бюджеттен 6 трлн 783 млрд теңге ақша алады.
"Бұл ақшаның 4 трлн 890 млрд теңгесі – зейнетақыға, ал, 1 трлн 893 млрд теңгесі әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге жұмсалады. Қалған сома мүгедектігі бар азаматтардың протезі мен оңалту шараларына бағытталуы тиіс", – делінген хабарламада.
2025 жылы жәрдемақылар мен зейнетақыларды төлеуге 4,6 млн адамға 5 трлн 858 млрд теңге жіберілді, оның ішінде 2,5 млн-ға жуық зейнеткерлер мен 2,1 млн-нан астам мемлекеттік жәрдемақы алушылар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу