Биыл "Зерделі" шағын ауданындағы екі апатты үйді нығайту жұмыстары аяқталады

Бұған дейін бұзылған екі үйдің орнына алаң салынады. 

Биыл "Зерделі" шағын ауданындағы екі апатты үйді нығайту жұмыстары аяқталады Фото: CABAR.asia

2022 жылдың желтоқсан айында Алматыдағы "Зерделі" шағын ауданында аяқталмаған екі апатты үй бұзылды. Енді бұл жерге алаң салынады. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданының тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді.

Оның айтуынша, алаң салу жұмыстары 2024 жылдың 2-тоқсанында басталып, 2024 жылдың соңына дейін аяқталады. Ал биыл маусымға дейін осы шағын аудандағы 30 үйдің қалған 2-ін нығайту және түзету жұмыстары аяқталады.

Әкімнің айтуынша, Алатау ауданында тұрақты су басу орындары мәселесі де шешілген. Қолда бар 18 учаскенің ішінен 16 учаскеде жұмыстар орындалды, қалған 2 учаске бойынша бір ай ішінде аяқталады.

"Сонымен қатар, биыл біз Қарасу көлін механикалық тазарту жұмыстарын бастадық. Бұл көл алғаш рет тазартылып жатқанын атап өткім келеді, жұмысты 2023 жылдың қыркүйегінде аяқтаймыз", - деді әкім.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу