Биыл жалған вакцинация төлқұжатын жасау бойынша 23 қылмыстық іс қозғалған – ІІМ

1093

Жалған құжат жасағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Биыл жалған вакцинация төлқұжатын жасау бойынша 23 қылмыстық іс қозғалған – ІІМ

Жыл басынан бері вакцинаның жалған паспорты мен қолдан ПТР-анықтамасын жасау бойынша жалпы 65 қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ішкі істер министрлігі (ІІМ) елдегі эпидемиологиялық ахуалдың күрделі екенін ескере отырып, жалған вакцинация төлқұжаты мен қолдан ПТР-анықтамасын жасау дерегін бақылауға алған. Себебі, бұл жағдай коронавирус жұқтыру қаупін арттырады. 

Тергеу бөлімдерінің өндірісінде ПТР-анықтамасын қолдан жасау, дайындау және сату дерегі негізінде Қылмыстық кодекстің 385-бабы бойынша 42 қылмыстық іс тіркелген. Оның 39-ы осы жылы анықталған.

Жыл басынан бері жалған вакцинация төлқұжатын жасау бойынша 23 қылмыстық іс тіркелген. Бұл істерді полиция тергеп жатыр.

Қолдан жасалған құжаттардың саны және заңды қанша адамның бұзғаны тергеу барысында белгілі болады.

"ІІМ қолдан ПТР-анықтамасын және жалған вакцинация төлқұжатын жасап сату бойынша түрлі жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде. Полицейлер медициналық орталықтарды, емханаларды, вакцина алу пункттерін тексеріп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Ішкі істер министрлігі жалған құжат жасағандар 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылатынын, ал оны пайдаланғандар 40 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін екенін ескертті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу