Президент сөзінше, облыста 63 мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Мен жаңа ғана бірнеше нысанды аралап көрдім. Аймақтың даму жоспарымен таныстым. Жалпы, ауқымды жұмыс істеліп жатыр. Бірақ жұмысты белсенді түрде жалғастыру керек.
Биыл облысқа 600 миллиард теңгеге жуық инвестиция тартылды. 63 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. 280-нен аса елді мекенге көгілдір отын жеткізілді.Үш жылдың ішінде 13 мыңға жуық оқушыға арналған 37 мектеп салынды. Сондай-ақ 41 денсаулық сақтау нысаны ашылды. Елуден астам спорт және мәдениет орталығы бой көтерді. Басқа да көптеген игі істер жасалып жатыр.
Еліміз қуатты болуы үшін ең алдымен, аймақтар қуатты болуы тиіс, – деді Мемлекет басшысы.
Бұған дейін Президент "Біз Тараздың екі мың жылдық тарихын мақтан етеміз" деген еді.