Биыл Жамбыл облысында 12 инвестициялық жоба жүзеге асырылады

1103

Биыл Жамбыл облысында 12 инвестициялық жоба жүзеге асырылады

Биыл Жамбыл облысында 15 млрд теңгенің 12 инвестициялық жобасы жүзеге асырылып, 1340 тұрақты жұмыс орындары құрылады деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Оның алғашқысы Байзақ ауданындағы "С.П. "Ролла-Ян" ЖШС-ның макарон цехы. Қайта жаңғыртудан өткен кәсіпорында DL-650X автоматикалық желісі іске қосылып, кеспенің бірнеше түрі шығарыла бастады. Жобаның жалпы құны – 285 млн тенге, жылдық қуаты 9000 тонна дайын өнім шығару. 60 адамға жаңа жұмыс орны құрылған. Шығарылатын өнім ішкі нарықпен қатар, Ресей және Қытай Халық Республикасына экспортталады.
Ағымдағы жобалар қатарында "BioVet KZ" ЖШС - "GMP және GLP стандартына сай ветеринарлық препараттар шығаратын биокомбинаттың құрылысы және "Ер Тай" ЖШС – "Ақсүйек кен байыту фабрикасын модернизациялау бар. Жобаның құны- 1200 млн. теңгені құрайды. Жылдық қуаттылығы 15,5 мың тонна қорғасын-мырыш концентратын шығару.
Мойынқұм ауданында 256,0 млн теңгені құрайтын "Оргстрой" ЖШС - "Жаңғырту және жаңа технология бойынша жарылыссыз блоктарды өндіру" жобасы, "Казгранит "Компаниясы" ЖШС – "Гранит тақталарын және брусчаткаларды өндіретін цехтың құрылысы" және Қордай ауданында 125 жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы "Первомайские деликатесы" ЖШС – "Шұжық өндіретін цехын қайта жаңғырту" жобалардың құрылыстары жүріп жатыр.
Сонымен қатар Меркі, Талас, Сарысу аудандарында "Меркі Ет" ЖШС – "Консервіленген ет және шұжық өнімдерінің өндірісін кеңейтіп қайта жаңғырту", "Қаратау ПРО" ЖШС - "Мәрмәр толтырғышын өндіретін зауыт құрылысы" және "Асылтуз" ЖШС– ас тұз өндірітін зауыттың құрылыстары іске асырылуда.
Сондай ақ Тараз қаласында "Тараз арматура зауыты" ЖШС – "Құрылыс арматурасының өндірісі", "Kisc" ЖШС – "Құйылу цехын жаңғырту" және "Alina Holding" ЖШС (Alina TarazPro) – "Құрғақ құрылыс қоспаларын және гипс өндіретін зауыттар кешені" жобалары қолға алынды. Жобаның құны – 3900 млн теңгені құрайды. Жылдық қуаттылығы – 140 мың тонна. Нәтижесінде 105 жаңа жұмыс орындары ашылады деп жоспарлануда.
Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасының индустриялды-инновациялық дамуының екінші бесжылдығы 2015-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы аясында Кәсіпкерлік қолдау картасы бойынша облыста индустрияландыру картасы аясында 5477 жаңа жұмыс орындары ашылып, 35 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу