2017 жылы Жамбыл облысында 2,4 млрд теңгенің 5 жобасы іске асырылады, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.
2016 жылы облыстың МКД ЭТҚ ҚСҚБТБ-ның өндірісінде 208 қылмыстық іс болып, оның ішінде 186 қылмыстық іс өндіріспен аяқталған. Мемлекеттік сатып алу қызметінде – 71 құқық бұзушылық, квазимемлекеттік секторда – 56, Ұлттық компанияларда – 7 құқық бұзушылық тіркелген.
"Жедел ақпаратқа жүгінсек, 59 құқық бұзушылық анықталып, оның 43-і сотқа жолданған", – дейді спикер.
Мемлекеттік сатып алуды жүргізу барысында бюджет қаражатын жымқыру саласындағы құқық бұзушылық жөнінде басқарманың өндірісінде 71 қылмыстық іс болып, оның ішінде 61-і өңдіріспен аяқталған, оның ішінде 40 іс сотқа жолданған, 21 іс, оның ішінде 9 іс келтірілген залалды өтеуіне байланысты ақталмайтын негіздермен өңдірістен қысқартылған.
Жоғарыда айтылған істер бойынша 36,1 млн теңгенің зияны келтірілген, оның ішінде 6,4 млн теңге өндірілген. Сонымен бірге қылмыстық істер бойынша біз 233 млн теңгенің мүлкіне тыйым салып, соттың шешімімен мемлекеттің кірісіне өндірілді.
Мемлекеттік сатып алу саласында біз жедел ақпарат бойынша 50 құқық бұзушылық анықталып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді.