Биыл Жамбыл облысының 20 ауылына көгілдір отын тартылады

1000

Тағы 12 ауыл тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтылады. Бұл туралы аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев Нұр-Сұлтанда өткен есеп беру жиынында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Биыл Жамбыл облысының 20 ауылына көгілдір отын тартылады

"Биыл 4482 пәтерлі 76 тұрғын үй салынуда, жыл соңына дейін 2 902 пәтерлі 50 тұрғын үйдің құрылысы аяқталмақ. Бүгінге дейін 204,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,8%-ға жоғары. Жыл соңына дейін 651 мың шаршы метр тұрғын үй тұрғызу жоспарлануда", – деді өңір әкімі.

Бердібек Сапарбаев жол сапасын арттыруға бағаттылған жұмыстар туралы сөз қозғады. Айтуынша биыл аталған салаға 12,4 млрд теңге бөлінген. 424,8 шақырым жол салу және жөндеу жұмыстары жоспарланған. Нәтижесінде, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 90%-дан 93,3 %-ға, елдімекендер жолдарының сапасы 77,2%-дан 79,2%-ға артады деп күтілуде.

"Бұдан бөлек, тұрғындарды таза ауыз су және көгілдір отынмен қамтамасыз ету жұмыстары да – басты назарда. Атап айтсақ,  жыл соңына дейін 44 мың тұрғын тұратын 12 елді мекенге су құбыры жүргізіліп, сапалы ауыз сумен қамтылу деңгейі 88,7%-ға жетпек. Сол секілді 20 елді мекенге газ тартылып, газдандырылу үлесі 83,8 %-ды құрайды. Осылайша 257 елді мекендегі 953 мың жамбылдық көгілдір отынмен қамтылады", – деді облыс әкімі.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу