Жамбыл облысында өткен жылы жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 29 пайызға өсіп, 92,6 мыңға дейін жетті. Ал жұмыспен қамтылғандардың саны 16 пайызға артып, 152 мың адамды құрады, деп хабарлайды Inbusiness.kz Жамбыл облысы әкімдігіне сілтеме жасап.
- Сыртқы күрделі ахуалға қарамастан, 2022 жылы біздің экономикамыздың нақты өсуі 3,3 пайызды құрады. Елімізге 28 млрд. доллар тікелей шетелдік инвестициялар тартылып, көрсеткіш 18 пайызға өсті. Бұл соңғы 10 жылдағы ең жоғары көрсеткіш.
Елімізде жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 27 пайызға өсіп, 1,8 млн-нан асты. Аталған секторда жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны 13 пайызға артып, 3,9 млн. адамға жетті.
Жалпы, өткен жылы 980 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды десек, осы ретте, Жамбыл облысында жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 29 пайызға өсіп, 92,6 мыңға дейін жетті. Ал жұмыспен қамтылғандардың саны 16 пайызға артып, 152 мың адамды құрады, деді Әлібек Қуантыров.
Бұдан бөлек, Жамбыл облысында ағымдағы жылғы қаңтар-наурыз айларында құрылыста 31 пайыз, өнеркәсіп саласында 4,4 пайыз өсім қамтамасыз етілгендігі айтылды. Ал, инвестицияның нақты өсу қарқыны 3,1 пайызға айналып, 69 млрд. теңгені құраған.
Сондай-ақ, 2023 жылы іске асырылатын шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау шаралары бойынша, Бизнестің жол картасын қаржыландыру көлемі 224 млрд. теңгеге дейін ұлғайтылған десек, оның 13 млрд. теңгесі Жамбыл облысы кәсіпкелеріне жолданады деп көзделген.