АШМ: Биыл жануарлардың аса қауіпті ауруларын алдын алу 90%-ға орындалды

870

Осы мақсатта 7,2 млрд теңге бөлінген.  

АШМ: Биыл жануарлардың аса қауіпті ауруларын алдын алу 90%-ға орындалды

Республика аумағында таралу қаупі жоғары жануарлардың аса қауіпті аурулар тізіміне 68 індет түрі енгізілді. Олардың 45-і бойынша Қазақстанда эпизоотиялық жағдай қолайды. Ал 23 түрі бойынша ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде. Бұл ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Бауыржан Абызбаев мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Республика аумағында жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы профилактикалық мақсатта вакцинация жүргізіледі. Жануарлардың аса қауіпті ауруларының ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жоспарына сәйкес 2021 жылы 22 ауруға қарсы құстарды қоса алғанда, жануарларды вакцинациялау бойынша 154 млн манипуляция жүргізу жоспарланған. Осы мақсатта 7,2 млрд теңге бөлінді. Бүгінгі таңда вакцинация бойынша 138 млн манипуляция жүргізілді, бұл 2021 жылғы жалпы жоспардың 90%-ы", – деді АШМ өкілі.

2021 жылы жануарлардың аса қауіпті 27 ауруы бойынша 70,3 млн диагностикалық зерттеу жүргізу жоспарланған.

"2021 жылға арналған ветеринарлық іс-шаралар жоспарына сәйкес республика бойынша 9 айда 52,5 млн диагностикалық зерттеу жүргізілді. Бұл жылдық жоспардың 75%-ы", – деді Бауыржан Абызбаев.

Айта кетейік, жануарлардың аса қауіпті ауруларына диагностикалық зерттеулер жүргізу үшін халықаралық талаптарға сәйкес серологиялық, вирусологиялық, бактериологиялық және паразитологиялық зерттеу әдістері қолданылады.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу