Биыл жас жазушыларға президенттік сыйақы тағайындалады - министр

655

Биыл жас қаламгерлерді қолдау мақсатында Президенттің арнайы әдеби сыйлығы тағайындалады.  

Биыл жас жазушыларға президенттік сыйақы тағайындалады - министр Фото: tengrinews.kz

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Отандық әдебиетті жаңа ағыммен толықтыру және ұлтымыздың әдеби мұрасын кеңінен насихаттау, сондай-ақ қазақстандық әдебиет пен баспаларға тың серпін беру мақсатында "Айбоз" ұлттық әдеби сыйлығы енгізілді. Игі дәстүрді одан әрі дамыту мақсатында биыл жаңа жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Атап айтқанда, жас қаламгерлерді қолдау мақсатында арнайы президенттік әдеби сыйлық тағайындалады", - деді Асхат Оралов Мәдениет министрлігінің алқа отырысында.

Сондай-ақ, министр алдағы уақытта мәдениет қызметкерлерінің халықаралық форумы ұйымдастырылатынын мәлімдеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу