Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев биыл жаз өткен жылдарға қарағанда ыстық болатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Қазгидрометтің болжамы бойынша биыл жаз өткен жылдарға қарағанда ыстық болады. Осыған байланысты облыс әкімдіктері дала өрттерінің алдын алу және жою бойынша жан-жақты шаралар қабылдап, орман шаруашылықтарының күштері мен құралдарын толық жауынгерлік дайындыққа келтіруі қажет. Министрлік өз кезегінде ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды толыққанды жауынгерлік әзірлікке келтіру және мемлекеттік орман қоры аумағында ірі орман өрттерінің алдын алу бойынша барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр", - деді ведомство басшысы.
Еліміздің мемлекеттік орман қорының алқабы – 31 млн гектар. Оның ішінде 13,9 млн гектар орманмен көмкерілген.