Кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай, екпінді жел күтіледі, бірақ ауа температурасы орташа тарихи мәндерге сай болады, деп жазады Inbusiness.kz сайты.
"Елдің батысында ауа температурасы +18+25 градус аралығында болады. Солтүстікте ауа температурасының 33+38, орталықта, шығыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста +36+43 градусқа дейін жоғарылауы күтіледі", — деді "Қазгидромет" РМК бас директорының бірінші орынбасары Серік Саиров хабарлады.
Биыл максималды температура Қазақстанның жекеленген аймақтарында 40-45 градусқа дейін барады.
"Шілдеде айында елдің басым бөлігінде қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, екпінді жел, бұршақ болжануда. Еліміздің батыс және оңтүстік аймақтарында найзағайлы жаңбыр жекелеген күндері күтіледі. Ыстық күндер салқын күндермен ауысады. Негізгі температуралық фон батыста және оңтүстік аймақтарда +30+38 ыстық болады, кейбір күндері термометр бағаны 40-45 градусқа жетеді. Республиканың солтүстігінде, орталығында және шығысында температура +25+38 градус шегінде болжанады", – деді спикер.
Тамыз айында республиканың басым бөлігінде орташа ауа температурасы норма шамасында болады деп күтілуде.