Геннадий Головкин мамырдың соңында немесе маусымның басында Қарағандыда жаңа салынған спорт кешенін ашуы мүмкін, деп хабарлайды ekaraganda.kz.
Боксшы туып-өскен Майқұдық шағынауданында салынған спорт кешеніне Головкиннің есімі берілмек.
Қарағанды әкімі Нұрлан Әубәкіровтің айтуынша, спорт кешені мамыр айының соңында немесе маусымның басында ашылады.
Кешенде ауыр атлетика, баскетбол, волейбол және шағын футболға арналған әмбебап спорт зал, 25 метрлік жүзу бассейні және бокс залы болады.
Айта кетейік, Геннадий Головкин биыл жазда ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Қазақстанда жекпе-жек өткізуі мүмкін. Қазір кездесуді Астанада өткізу үшін келіссөз жүргізіліп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу