Биыл жеке үйге қарағанда көп пәтерлі тұрғын үйлер көбірек салынуда

1017

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бірінші тоқсанда 1 млн 319,5 мың шаршы метр пайдалануға берілді. 

Биыл жеке үйге қарағанда көп пәтерлі тұрғын үйлер көбірек салынуда

Бұл ретте жеке тұрғын үй бір жыл бұрынғыдан 8,9%-ға аз. Көппәтерлі үйлерді тапсыру 11,4%-ға өсіп, 1 млн 527,9 мың шаршы метрді құрады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Аймақтар бойынша:
• Нұр-Сұлтан, Түркістан және Қызылорда облыстарында жеке және көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы өсуде.
• Алматы мен Маңғыстауда екеуі де төмендеуде.
• Шымкент пен Қостанай облысында жеке тұрғын үйлер көбірек, көп пәтерлі үйлер сирек салынуда.
• Қалған 10 өңірде көппәтерлі тұрғын үйлерді пайдалануға беру көрсеткіші өсті. 

"Бұл жерде ипотека, әдетте, көппәтерлі үйлердегі тұрғын үйге қатысты екенін еске салған жөн. Ал оның құрылысының өсуі ең алдымен сұраныстың артуын көрсетеді. Оған мемлекеттік жеңілдетілген бағдарламалар мен БЖЗҚ-дан алынған ақша түрткі болып отыр. Жеке құрылыстың мұнай факторларға тәуелділігі төмен", – деп түсіндірді Бірінші кредиттік бюро сарапшылары. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу