Биыл жем-шөп бағасы төмен, ажиотаж жоқ – Ербол Қарашөкеев

696

Биыл облыс әкімдіктері жем сатып алу құнын субсидиялауға 11,5 млрд теңге бөлді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев 23 тамыздағы Үкімет отырысында айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Биыл жем-шөп бағасы төмен, ажиотаж жоқ – Ербол Қарашөкеев

"Биыл былтырғыдан жем-шөп бағасы төмен. Былтырғыдай ажиотаж жоқ", – деп сендіреді министр Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында.


Оның айтуынша, облыстардың басым бөлігінде қолайлы ауа-райы сақталады, бұл мал азығын дайындау науқанының сәтті өтуіне ықпал етеді


"Биыл мал азығы дақылдарының егіс көлемі 448,1 мың га ұлғайтылды, яғни 3,7 млн га болды", – дейді Қарашөкеев.


Айта кетейік, сәуірде республикалық бюджет комиссиясының отырысында Азық-түлік корпорациясының жарғылық капиталын 200 мың тоннаға азықтық астық сатып алуға ұлғайтуға 20 млрд теңге бөлу мақұлданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу