Биыл жемқорлардан тәркіленген ақшаға 70-тен аса мектеп салынады

589

Бұл жөнінде бүгін Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп жазады inbusiness.kz.    

Биыл жемқорлардан тәркіленген ақшаға 70-тен аса мектеп салынады Фото: primeminister.kz

"Биыл жемқор шенеуніктердің ақшасына 70-тен астам мектеп салынады. Бұл үшін құжаттарымыз бар, тізім де бар. Жақын арада бұл тізімге қолдау көрсетіліп, осы мектептердің құрылысына қаржы бөлінетін болады. Қазақстанның барлық 20 аймағында жаңа мектептер салынады" - деді министр.

Сонымен қатар Ғани Бейсембаев жоба жаңа мектептер салуды да, бұрыннан барларын жөндеуді де қарастыратынын атап өтті.

Бүгінде қаржы министрлігінің арнайы есепшотында жемқор шенеуніктерден тәркіленген 120 миллиард теңге бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу