Биыл жемқорлыққа барған 100 адам жазаланды

182

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 40%-ға артық көрсеткіш. 

Биыл жемқорлыққа барған 100 адам жазаланды Фото: canva.com

Осы жылдың 5 айында 100 адам жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл ретте лауазымды тұлғаларға материалдық сыйақыны заңсыз бергені үшін жеке тұлғаларды жауапқа тарту жағдайларының үлесі айтарлықтай артқан. 

Әдетте, сыйақы әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны, кедендік ресімдеуді жеделдеткені, пробациялық бақылауды жеңілдеткені үшін беріледі. 

"Айта кету керек, соңғы уақытта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке осындай фактілер туралы лауазымды тұлғалардың өздері хабарлайды. Мысалы, Ақтөбе қаласында полиция басқармасы батальоны қызметінің инспекторына жүргізуші жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті болдырмау мақсатында 7 мың теңге беруге тырысқан.
Инспектор бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті хабардар еткен басшылығына дереу хабарлаған.  

Нәтижесінде жүргізуші жауапқа тартылып, оған 369 мың теңге көлемінде айыппұл салынды", - деді Антикор ресми өкілі Данияр Бигайдаров.

Бұл ретте, егер алдын ала уағдаластық және 2 АЕК-тен (айлық есептік көрсеткіштен) жоғары заңсыз материалдық сыйақы сомасы болса, қылмыстық жауаптылық көзделеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу