Биыл Женева автокөрмесі өтпейді

628

Ұйымдастырушылар шығынға батқанын хабарлады. 

Биыл Женева автокөрмесі өтпейді

Бұл туралы Женева халықаралық мотор-шоуының ресми парақшасында жазылды. Тоқсаныншы мерейтойлық көрмені ұйымдастыруға ерекше дайындалған Palexpo кешенінің әкімшілігі 11 млн франк (4,68 млрд теңге) шығынға батты. Компания билік тарапынан қолдау таппағандықтан, женевалық көрме кейінге қалдырылды.

Естеріңізге сала кетейік, коронавирус індеті биыл өтуге тиіс көптеген көрменің жоспарын бұзды. Бұл тізімде Женевадан бөлек Нью-Йорк, Детройт және Мәскеу автосалоны бар. Күзде өтетін Париж халықаралық автокөрмесінің де болашағы бұлыңғыр. Тек сәуірден қыркүйекке ауыстырылған Бейжіңдегі автошоу ғана әдеттегі форматта өтеді.

Олжас Оқас

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу