Биыл жеңіл өнеркәсіп көлемі 8%-ға артқан

465

Тоқыма өнімдерінің көлемі – 8,4%-ға, тері өнімдерінікі – 6,6%-ға, тігілген киім-кешектердікі 2,1%-ға көбейген.

Биыл жеңіл өнеркәсіп көлемі 8%-ға артқан

Бұл туралы Energyprom.kz басылымы хабарлады. Мақта, дайын тоқыма бұйымдары, сырт киім, бас киім мен аяқ киімдердің көптеп шығарылуы қосалқы салалардың да дамуына септігін тигізген. 

2020 жылдың қаңтар және маусым айларында киім-кешек өндірісінің көлемі 19 млрд теңгеге жеткен. Бірақ жеңіл өнеркәсіптегі үлесі бір жылда 37,3%-дан 33,9%-ға төмендеген. 

Быил елімізде өндірілген киім-кешектердің жартысы дерлік үш өңірде шығарылған: Алматы облысы (3,4 млрд теңге), Алматы қаласы (2,3 млрд теңге), Қарағанды облысы (1,6 млрд теңге).

Тағы бір жайт, осы жылы тұғындарды бетпердемен қамту үшін 70-тен астам тігін кәсіпорындары өндіріске жұмылдырылған.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу