Биыл жеңіл өнеркәсіп өндірісінің көлемі 19 пайызға жуық өсті

2334

Елімізде жеңіл өнеркәсіп бағытында 1030 кәсіпорын жұмыс істейді.

Биыл жеңіл өнеркәсіп өндірісінің көлемі 19 пайызға жуық өсті

Биыл 10 айда жеңіл өнеркәсіп өндірісінің көлемі 18,9%-ға өсіп, 87,5 млрд теңгені құрады. Мысалы, тоқыма бұйымдары 23,7% -ға, ал киім-кешек өндірісі 7,5% артты, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.

Биылғы жылдың 1 қыркүйегіндегі көрсеткіштер бойынша, елімізде жеңіл өнеркәсіп бағытында 1030 кәсіпорын жұмыс істеп отыр, олардың 96% – шағын кәсіпорын, қызметкерлердің тізімдік саны шамамен – 11 мың адам.

Аталған бағытта жұмыс істейтін кәсіпорындар ұлттық компаниялар, денсаулық сақтау саласындағы ұйымдарға, Қазақстанның қарулы күштері мен тәртіп сақшыларына, сондай-ақ қарапайым халыққа арналған киім шығарады. Олардың қатарында сырт киімдер, ерлерге арналған костюмдер, балалар киімі, бас киім, үй тоқымасы және аяқ киімдер бар. Бұдан басқа, отандық кәсіпорындар мақта-мата иірілген жіптер мен маталар, кілем, былғары өнімдерін халыққа ұсынады.

2018 жылы 5 жаңа жоба пайдалануға беріліпті. Сонымен қатар 2019 жылы кілем және кілем бұйымдарын шығаратын "Бал тоқыма" ЖШС іске қосылып, 45 жұмыс орны ашылды.

Айта кетсек, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың 2018 жылдың 5 қазанындағы халыққа жолдауын жүзеге асыру аясында Үкімет мүшелері қолжетімді несиелендіру қаулысын қабылдаған болатын. Аталмыш бағдарлама аясында екінші деңгейлі банктер жеңіл өнеркәсіп бағытындағы жалпы сомасы 4,3 млрд теңгені құрайтын 21 жобаны қолдады. Сонымен қатар, 2019 – 2021 жылдарға арналған жеңіл өнеркәсіпті дамыту бойынша жол картасы әзірленген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу