Биыл жеңіл өнеркәсіп өнімдері экспортының көлемі өсті

1407

Қазақстанда барлығы 30 жеңіл өнеркәсіп кәсіпорны сыртқы нарыққа шығады.

Биыл жеңіл өнеркәсіп өнімдері экспортының көлемі өсті

2019 жылы жеңіл өнеркәсіп өнімдері экспортының көлемі өсім көрсетіп отыр. Экспорттық жеткізулер көлемінің өсуі тоқыма бұйымдарда 21,5%, киім өндірісінде 12% көлемінде байқалды, деп хабарлайды primeminister.kz.

2019 жылы негізгі экспорт бағыттары мақта талшығы, тоқыма материалдар, төсек жаймалары болды. Мақта талшықтарының негізгі көлемі Қытайға, Молдоваға, Латвияға, текстиль материалдарының экспорты Қытайға, Ресейге, төсек жаймаларының экспорты Ресейге жөнелтілді.

Қазақстанда барлығы 30 жеңіл өнеркәсіп кәсіпорны сыртқы нарыққа шығады. Жалпы, жеңіл өнеркәсіп көлемінің 10%-ға жуығы экспортқа шығарылады. 

Сауда және интеграция министрлігінің мәліметі бойынша, бүгінде негізгі экспорттық нарықтар Қытай (39,4%), Ресей (37,4%), Қырғызстан (5,2%), Италия (4,8%), Литва (4,4%), Өзбекстан (1,5%) елдері болып отыр.

Тоқыма материалдарынан жасалған қапшықтар мен пакеттер экспорты – 98%-ға, төсек жаймалары, ас үй, дәретхана және ас бөлмесіне арналған жаймалар экспорты – 21,8%-ға, тоқылмаған материалдар өсімі – 4,5 есе, табаны бар, үсті резинадан немесе пластмассадан жасалған басқа да аяқ киімдер өсімі – 4,9 есе, шұлық-ұйық бұйымдары 44,5% өскен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу