Ливияда суға батып кеткен 17 мигранттың денесі табылды. Ажал құшқандардың арасында балалар бар. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдарына сілтемемен 24.kz.
Дерек бойынша, олар осыған дейін суға кеткен босқындар қайығының жолаушылары болуы мүмкін. Ол кезде апат салдарынан 100 адам із-түзсіз жоғалып кеткен.
Айта кетейік, Жерорта теңізінде тағы бір қайық батып кетті. Оның бортында 60-тан астам адам болған. Қазір мамандар оларды іздестіріп жатыр.
Халықаралық көші-қон ұйымының дерегіне сүйенсек, былтыр Еуропаға қоныс аудармақшы болған 2 мыңнан астам кірме діттеген жеріне жете алмай, қаза тапқан. Ал биыл жыл басынан бері Жерорта теңізінде мыңға жуық босқын ажал құшты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу