Биыл жол-көлік оқиғаларында 13 мың адам жарақаттанған

2083

Әрбір оныншы адам қаза тапқан. 

Биыл жол-көлік оқиғаларында 13 мың адам жарақаттанған

Елімізде 2020 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 8,9 мың жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 22,2%-ға төмен, деп хабарлады ranking.kz. 

Салыстырмалы түрде алып қарасақ, 2019 жылдың осы кезеңінде 11,5 мың жол апаты тіркелген. 

Өңірлер бойынша ең көп жағдай Алматыда орын алған. Яғни биыл оңтүстік астанада 2,2 мың жол-көлік оқиғасы болған. Бұл өткен жылдан 34,9%-ға төмен. Жол апаттары бойынша одан кейінгі орында Алматы облысы (1,5 мың ЖКО)  мен Жамбыл облысы (660 ЖКО) тұр.

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің хабарлауынша, жол апаттарының 96%-ы жүргізушілердің қателігінен орын алады. 

Биыл ЖКО-лар көрсеткішінің төмендеуі елдегі карантинге байланысты. Себебі шектеулер кезінде көлік қатынасы азайған. Алайда талаптар жеңілдетілген соң, қайғылы оқиғалар саны қайта артқан. 

9 айдың қорытындысы бойынша ЖКО-ларда 13 мың адам жарақат алған. Оның 6,6 мыңы ерлер, 5,1 мыңы әйелдер және 2 мыңы кәмелеттік жасқа толмағандар. 
Жыл басына бері ЖКО-ларда салдарынан 1,3 мың адам қайтыс болған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 18,5%-ға төмен. Оның 948-і ерлер, 315-і әйелдер, 114-і кәмелеттік жасқа толмағандар. 

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу