Биыл жол жөндеуге 1 трлн теңге жұмсалады

278

Ұлттық құрылтайда Президент биыл 12 мың шақырым автомобиль жолдарын реконструкциялау туралы тапсырма да берді.  

Биыл жол жөндеуге 1 трлн теңге жұмсалады Фото: primeminister.kz

Оған шамамен 1 трлн теңге инвестиция бағытталмақ. 7 облыста, атап айтсақ: Қарағанды, Жамбыл, Алматы, Жетісу, Шығыс Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарында жаңадан жол салып, біразы қалыпқа келтіріледі.

Республикалық жолдардың белгілі бір учаскелері жөнделеді. Осылайша, жай-күйі жақсы және орташа республикалық жолдардың үлесін 93%-ға дейін арттыруға, сондай-ақ қосымша 24 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік туады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу