Жыл басынан қоғамдық көлікте жолақы төлеуден жалтарған 7 мыңға жуық жолаушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұлдың сомасы 30 млн теңге шамасында, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Сонымен бірге, 900 автобус жүргізушісі ЖҚЕ мен тасымалдау ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұл 12 млн теңгені құрайды.
"Жолаушының қоғамдық көлікте жолақы төлеуге міндетті екендігі туралы "Автомобильді көлік туралы" заңымен бекітіліп, талап етілген", - деп еске салды әкімдікте өткен баспасөз мәслихатында "Астана LRT" компаниясының көлік қадағалау департаментінің директоры Самат Шаймерденов.
Өз кезегінде "Астана LRT" ЖШС көлік мамандарының біліктілігін арттыру орталығының директоры Жеңіс Жолбыр 7 қоғамдық көлік жүргізушісінің қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткені үшін жүргізуші құқынан айырылғанын жеткізді.