Биыл жұмыссыздық деңгейі өзгерген жоқ – Ұлттық экономика министрлігі

720

2020 жылдың 4 айында ЖІӨ-нің өсу қарқыны -0,2%-ды құрады. 

Биыл жұмыссыздық деңгейі өзгерген жоқ – Ұлттық экономика министрлігі

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов  халық алдында есеп беру кездесуінде 2019 жылы жалпы ішкі өнім 4,5%-ға өсіп, инфляция 5,4%-ды құрағанын айтты. Оның сөзінше, шынайы табыс 6,5% болып, негізгі капиталға салынған инвестициялар 8,5%-ға артқан.  

Ал биылғы жылдың алғашқы төрт айының көрсеткіштері бойынша, жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) өсу қарқыны -0,2%, инфляция 6,7%-ды құраған. Осы уақыт аралығында инвестициялар 0,8%-ға өсіп, экспорт 18,4 млрд теңгені құрады. Ал жұмыссыздық деңгейі былтырғы жылмен салыстырғанда өзгермеген.

Ұлттық экономика министрі карантин кезіндегі экономикалық қиыншылық әлемнің барлық елінде болып жатқанына тоқталып:

"Қазіргі экономикалық қиындықтар әлемнің барлық еліне тән жағдай. Халықаралық сарапшылар бүгінгі күні өндірушілермен қатар  тұтынушылардың да  мүмкіндіктерінің шектелгенін атып отыр. Елімізде дәріхана мен азық-түлік саудасынан басқа сауда-саттық, көлік, туризм, қоғамдық тамақтандыру, қонақүйлер, кинотеатрлар сында қызмет көрсету саласы айтарлықтай зиян шекті. Сол себепті осы салаларға қосымша салықтық ынталандыру, оның ішінде жалақы төлеуде жеңілдіктер жасалып отыр. Жалпы, шағын және орта бизнес пен өңдеуші ірі бизнес үшін несие беру мүмкіндіктері артты. Әртүрлі саладағы нақты мәселелерді шешу үшін шаралар қабылданды", – деді Руслан Дәленов.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу