Биыл жылу беру маусымына орай 5,2 млн тонна көмір дайындалды

160

Еліміздің 8 облысы мен Астана қаласында жылыту маусымы басталып кетті. Қалған аймақтар қазан айының ортасына қарай жылыту жүйесіне қосылады.  

Биыл жылу беру маусымына орай 5,2 млн тонна көмір дайындалды Фото: Қабыл Иса

Үкімет отырысында энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымның алдағы жылу беру маусымына дайындығы туралы энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев баяндама жасады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Жылыту маусымы Абай, Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Астана қаласында басталды. Ауа-райы жағдайына байланысты батыс және оңтүстік өңірлерге жылу қазан айының ортасына қарай беріледі. 

Энергетика министрінің айтуынша, электр стансаларында жөндеу кестесіне сәйкес 5 энергия блокта, 32 қазандықта, 28 турбинада жөндеу жұмысы аяқталды. Жөндеу жұмыстары 4 энергия блокта, 23 қазандықта және 16 турбинада  әр түрлі кезеңде жүргізіліп жатыр.

Электр желілері бойынша 19,9 мың шақырым электр беру желілері, 376 қосалқы стансалар және 4 046 тарату пункттері мен трансформаторлық қосалқы стансалар жөнделді. Жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі.  

"Жылыту кезеңіне дайындықты күшейту және алдағы маусымда тұтынушыларды энергиямен жабдықтау сенімділігін арттыру үшін министрлік тарапынан электр энергиясының шекті тарифтері түзетілді, электр қуаты нарығындағы шекті тариф ұлғайтылды, қайтарымды инвестициялардың жылдық лимиті ұлғайтылды", – деді министр. 

2024 жылы қабылданған шаралар жөндеу жұмыстарын қаржыландыруды өткен жылдың деңгейінен 44%-ға арттырып, 327 млрд теңгеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар жылу беру маусымына арналған қоймаларда нормативтерге сәйкес 5,2 млн тонна көмір және 88 мың тонна мазут жинақталған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу