Биыл жылу кеш беріледі

461

Қарағанды облысындағы Саран қаласының тұрғындары жылусыз қалатын түрі бар.

Биыл жылу кеш беріледі Фото: inbusiness.kz

Өйткені қазандық иесі жылу беру қызметінен бас тартқан. Неліктен? Аталған мәселе неге жыл сайын қайталана береді? Шенділердің уәжі қандай?

Екі жүзден астам пәтер иесіне жылу беріп отырған мына қазандық иегері барлық жабдықтарын алып кеткен. Тіпті құбырдың өзі айырбасталмаған. Сондықтан тұрғындар биылғы маусымда жылусыз қаламыз ба деп алаңдаулы

"Бірінші қазан жақындап келеді. Әлі күнге дейін қазандығымыз дайын емес. Жыл сайын жылу беретін мердігердер ауысып, есімізді шығарды. Ал, жергілікті билік бүгін, ертеңмен уәде жаудырады. Шыдамның да шегі бар", дейді Саран қаласының тұрғыны Галина Кремер.

Қала шенділері болса "халық жылусыз қалмайды"- деп сендіріп отыр. Айтуларынша, бұл қазандықты "Сараньтеплосервис" ЖШС өз иелігіне алыпты.

Ал, "Сараньтеплосервис" ЖШС-гі басшылығы 1-ші қазанға дейін қазандықтың жұмысы аяқталмайды дейді. Өйткені, жасалатын жұмыстар шаш етектен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу