Биыл жылу желілерін жөндеуге 69,4 млрд теңге бөлінді

2029 жылға қарай жылумен жабдықтау желілерінің тозуын 43%-ға дейін төмендету жоспарлануда. 

Биыл жылу желілерін жөндеуге 69,4 млрд теңге бөлінді Фото: Halyq Uni

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"2023 жылғы республикалық бюджетті нақтылау кезінде тозу көрсеткіші 75% - дан асатын 47 жобаны іске асыруға 69,4 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражатқа шамамен 107 шақырым жылу желілерін қайта жаңарту жоспарлануда", – деді министр. 

Жалпы, 2029 жылға қарай жылумен жабдықтау желілерінің тозуын 43%-ға дейін төмендету міндеті тұр.

"Жергілікті атқарушы органдар жылумен жабдықтау жобалары бойынша тиісті өтінімдер мен құжаттамаларды (жобалау-сметалық құжаттамаларды, мемлекеттік сараптама қорытындысы және т.б.) ұсыну жөніндегі жұмысты жандандыруы қажет.

Бүгінде 2024 жылғы республикалық бюджетті қалыптастыруда 54,7 млрд теңге сомасына жылу жүйелерінің 43 жобасына ғана өтінімдер бар", – деді Марат Қарабаев. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу