Биылдан бастап әскердегі сарбаздар атына несие рәсімдеуге болмайды

244

Өйткені Қорғаныс министрлігі әскерге шақырылған сарбаздың несие бойынша борыштарын алдын ала тексеріп, банктер мен микронесие беруші ұйымдардағы төлемді автоматты түрде бұғаттайды.

Биылдан бастап әскердегі сарбаздар атына несие рәсімдеуге болмайды Фото: gov.kz

Сол арқылы әскери қызмет уақытында жаңа несие алу жолы кесіледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұл жүйе биылдан бастап іске қосылды. 

"Қазір ешкім несие ала алмайды. Одан бөлек қазір сарбаздардың әскерге дейін алған несиелері бойынша төлемді уақытша тоқтату шараларын қолға алдық. Әскери учаскелерде іске қосылған жүйе әскерге қабылданғаны туралы бұйрықты автоматты түрде шығарып, сарбаздардың ЖСН-ні мемлекеттік несие бюросына жіберіледі. Олар кімде қарызы барын анықтап, екінші деңгейлі банктер мен микронесие ұйымдарына әскердегі азаматтың төлемдерін уақытша тоқтату туралы хабарлама жібереді", – деді Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев.

Қазір 10 мыңнан астам сарбаздың банктік қарызы бойынша төлемдер кейінге қалдырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу