Биылдан бастап Астана экономикалық форумы жеке өткізілмейді

940

Министрлік осылайша қаржы үнемдемек.

Биылдан бастап Астана экономикалық форумы жеке өткізілмейді Фото: inform.kz

Қазақстан биыл Астана экономикалық форумын (АЭФ) жеке өткізбейді. Бұл туралы қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

"Біз АЭФ-ті ДСҰ министрлікаралық форумы аясында өткізуді ұйғардық. Осылайша қаржы үнемдейміз. АЭФ жеке өткізілмейді, ол министрлікаралық кездесулер алаңында өтеді",– деді Смайылов журналистерге.

Айта кетсек, аталмыш шара Қазақстанда 2008 жылдан бері өткізіліп келеді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу