Биылдан бастап қазақстандықтар үшін шенген визасының құны қымбаттауы мүмкін

488

Қазақстандықтар үшін шенген визасын алу ақысы қымбаттайды, деп хабарлайды inbusiness.kz.    

Биылдан бастап қазақстандықтар үшін шенген визасының құны қымбаттауы мүмкін Фото: ht.kz

Еурокомиссия шенген визасының құнын ересектер үшін 80-нен (39 000 теңге) 90 еуроға (43 834 теңге) және балалар үшін 40 (~19 481 теңге) 45 еуроға (~22 000 теңге) көтеруді ұсынды. Бұған басты себеп – инфляция.

Ұсыныс Еурокомиссияның сайтында жарияланды және 2024 жылғы 1 наурызға дейін Еуроодақ азаматтарының талқылауы үшін ашық.

Сондай-ақ ЕО-ға мүше елдер атынан шенген визасына өтініштерді жинайтын виза орталықтары стандартты виза алымының жартысына дейінгі ақыны ала алатынын жазылған. Бұл олардың қызметі үшін 40 емес, 45 еуро алуға рұқсат беретінін білдіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу