Биылға жоспарланған ​128 жаңа жобаның қаншасы жүзеге асты

901

Жоспарланған 128 жобаның 107-сі өңдеу өнеркәсібіне, 15-і энергетика саласына және 6-ы басқа салаларға жатады.  

Биылға жоспарланған ​128 жаңа жобаның қаншасы жүзеге асты

ИИДМ баспасөз қызметі 2021 жылы Қазақстанда 128 жаңа жоба іске қосылып, 12 мың жұмыс орны ашылады деп хабарлаған еді. Министрліктің мәліметіне сүйенсек, бүгінде жалпы сомасы 296 млрд теңге болатын 28 жоба пайдалануға беріліп, 3,5 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жобалардың ең көбі Шымкентте – 17 жоба, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында – 14 жобадан.

Өңдеу өнеркәсібінде жалпы сомасы 923,2 млрд теңгеге 107 жобаны іске қосу жоспарланған.

Жобалардың ең көп саны келесі салаларда:

- тамақ өнеркәсібі (89,7 млрд теңгеге 39 жоба);
- металлургия (672,3 млрд теңгеге 16 жоба);
- машина жасау (79,6 млрд теңгеге 15 жоба);
- құрылыс индустриясы (55,1 млрд теңгеге 15 жоба).

Инвестициялардың негізгі үлесін, яғни 670 млрд теңгеден астамын металлургия саласындағы жобалар қамтамасыз етеді.

Жобалардың дайындығы 9 өңірде 80%-дан жоғары деңгейде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу